Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Алматыдағы тарихи «Қызыл Таң» ғимараты жаңарады: қанша қаржы жұмсалады?

Алматының дәл орталығында орналасқан тарихи «Қызыл Таң» мата үйі үлкен өзгерістерге дайын. Бұл ғимарат енді тек сауда орны ғана емес, халықаралық сән және дизайн орталығы болып қайта жаңғырмақ. Жобаның қандай болатыны және оған қанша қаражат кететіні туралы толығырақ білдік.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қызыл Таң» ғимаратының тағдыры

Бұл ғимарат айналасында соңғы жылдары көптеген пікірталас болды. Бұрынғы жалгерлерді мәжбүрлеп шығару және ғимараттың бұзылатыны туралы қауесеттер көпшілікті алаңдатты. Алайда, қала билігі ғимарат сақталып, қалпына келтірілетінін растады.

«Қызыл Таң» 2004 жылдан бері жекеменшік «Қызыл Таң Мата Үйі» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында болды. Бірақ 2023 жылы сот келісімшартты бұзды. Себебі, компания ғимаратты қалпына келтіру міндеттемелерін орындамаған. Бес жылға созылған сот процесінен кейін ғимарат Almaty Creative ЖШС-не берілді. Сот шешіміне қарамастан, ғимаратты босату процесі ұзаққа созылды. Тіпті 2026 жылдың қаңтарында да бұрынғы жалгерлер өз орындарында болды.

Ақпаратқа сүйенсек, сәуірдің 16-сында Алматы туризм басқармасы ғимараттың жалгерлерден толық босатылғанын хабарлады.

«Қызыл Таңда» не пайда болады?

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимарат заманауи сән хабына айналады деп күтілуде. Мұнда сән индустриясын, дизайнды және қолөнерді дамытуға бағытталған шығармашылық орталық құру жоспарлануда. Обықты дүкендердің орнына қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілерді қолдау алаңы жасалмақ.

Бұл хаб толыққанды экожүйе ретінде жұмыс істейді: идеяны әзірлеуден бастап, дайын өнімді сатуға дейін. Билік бұл арқылы жергілікті брендтердің халықаралық деңгейге шығуына көмектесуді көздейді.

Жоба аясында хаб дизайнерлерге, жергілікті брендтерге, қолөнершілерге және шығармашылық топтарға арналған инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, өнімді әзірлеуден бастап, оны ілгерілету және коммерцияландыруға дейінгі толық циклді қамтиды.

Жоспар бойынша, хаб келесі мүмкіндіктерді береді:

Жобаны әзірлеу кезінде билік халықаралық тәжірибеге сүйенді: еуропалық кластерлер (Амстердамдағы Fashion for Good, Лондондағы Design District) және азиялық хабтар (Сеулдегі DDP, Гонконгтағы PMQ). Әкімдік мұндай платформаның отандық сән индустриясының экспортын арттыратынына сенімді.

«Қызыл Таң» ғимаратын жөндеуге қанша қаражат кетеді?

Хаб құрылмас бұрын ғимаратты реставрациялау жоспарлануда. Басқарманың хабарлауынша, жоба қазіргі таңда жүзеге асыру сатысында.

«Нормативтік-жобалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу-реставрация жұмыстарының сомасы 572,2 миллион теңгеге бағаланады», – деп хабарлады басқарма.

Әзірге мердігер таңдалмаған. Ол ашық конкурс арқылы анықталады. Мәдениет және ақпарат министрлігі ғылыми-жобалық құжаттаманы келіскенімен, ғимараттың интерьері мен дизайны бұл құжатқа енбеген. Мамандар бұл шешімдерді кейінірек дайындайтыны айтылды.

Қашан басталады және қашан аяқталады?

Басқарма ғимаратты реставрациялау жұмыстары әлі басталмағанын хабарлады. Қазіргі уақытта нысанда жөндеуге дайындық жүргізілуде. Атап айтқанда:

Бұл болашақта авариялық жағдайларды болдырмауға көмектеседі. Жұмыстардың нақты кестесі кейінірек жарияланады.

«Қызыл Таңның» ішінде не болады?

Басқарманың жауабында ғимарат ішінде келесілер орналастырылатыны нақтыланды:

«Бұл нысан мәдени-көрмелік функцияны ғана емес, экономикалық функцияны да атқарады. Ол креативті кәсіпкерлікті дамыту және қазақстандық дизайнерлер мен брендтерді ішкі және сыртқы нарықтарда жүйелі түрде ілгерілету үшін платформа болып табылады. Экспортқа және халықаралық сән индустриясына интеграциялануға бағытталады», – деп қорытындылады басқарма.

«Қызыл Таң» мата үйі туралы не білу керек?

Алматы туризм басқармасының хабарлауынша, «Қызыл Таң» мата үйі – Алматының сәулет ескерткіші. Ол 1896 жылы Верный қаласының XIX ғасырдың соңындағы бас сәулетшісі Поль Гурдэнің жобасымен салынған. 1912 жылы сәулетші Андрей Зенков ғимаратты ішінара қайта құрды. Бастапқыда бұл сауда үйі саудагер Ысқақ Ғабдуәлиевке тиесілі болған.

Кеңес дәуірінде мұнда әскери басқару органдары орналасқан, 1931 жылдан бастап «Торгсин» дүкені болды. 1979 жылы ғимарат тарих және мәдениет ескерткіші болып танылды, ал 1981 жылы реставрациядан кейін мұнда «Қызыл Таң» мата дүкені ашылды.

Енді бұл ғимараттың тарихында жаңа тарау басталады деп күтілуде.

Новости

Реклама