Последнее обновление

(Время обновление 17 минут назад)
«Алқаштардың алуына қарсымын»: Жүрсін Ерман мен Бауыржан Халиолла арасындағы жазба айтыс желіде қызу талқыланды

Қазақтың белгілі ақыны Бауыржан Халиолла мен Жүрсін Ерман арасында 2011 жылы болған жазба айтыстың толық нұсқасын әлеуметтік желіде жариялады. Бұл жазбалар желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтыстың себебі

Бауыржан Халиолланың айтуынша, бұл айтыс Жүрсін Ерманның Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған мүшайрада бас жүлдесін жеңіп алғаннан кейін басталған. Ақын ұстазын құттықтап, жеңісіне орай өлең жолдарын жазған.

«Мақатаев, жазмыш па, әлде бұйрық па? Құтты болсын, қымызыңды құй жұртқа. Бізде ертең жүреміз-ау таласып, Жүрсін Ерман атындағы сыйлыққа», - деп жазған Халиолла.

Жүрсін Ерманның жауабы

Алайда, Жүрсін Ерманның жауабы ақынды таң қалдырған. Ол: «Ғұмырында сабындай-ақ қамшының, Өз биігін білу керек әр шыбын. Жүрсін Ерман атындағы сыйлықты, Алқаштардың алуына қарсымын», - деп жауап берген.

Халиолла бұл жауапты өзінің алдыңғы айтыстарындағы сөздеріне байланысты деп түсінген. Ол ашуланып, жауап ретінде мынадай өлең жолдарын жолдаған:

«Мен өзіңнен үйреніп ем ұрттауды, Содан кейін жақпай қойдым жұртқа әлгі. Қайран ғана қасиетті өмірім, Қайдан ұстаз қылдың маған қырттарды. Маған айтар соңғы сөзің болды ма? Енді алдыңда ұстамаспын домбыра, Бір алқаштың алып тұрып сыйлығын, Бір алқашты табалауың зор күнә...»

Айтыстың жариялануы

Бауыржан Халиолла бұл хат алмасудың өзіндік тарихы бар екенін айтып өтті. Жүрсін Ерман сол кезде «Жас Алаш» газетіне мақала жазғанда, бұл смс-терді мәдениет сақтап, «алқаш» сөзін «ішкіш» деп өзгертіп жариялаған көрінеді. Кейіннен Жүрсін Ерман бұл смс-терді насихаттап жүрген.

Қазіргі уақытта бұл жазбалар әлеуметтік желіде қайтадан пайда болып, жұртшылықтың қызу талқысына айналуда.

Новости

Реклама