Photo: Daniel Absi (https://www.pexels.com/@danielabsi) / Pexels
- 10 мар. 2026 14:30
- 27
Америкадағы қазақ баласы өз туған ата-анасын іздейді
Америкада тәрбиеленген 27 жастағы қазақ жігіті өз туған ата-анасын іздеп жүр. Ол туралы ақпаратты Facebook желісіндегі қазақ-америкалық қауымдастық парақшасында жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азғантай ақпарат
Николас Пикколо 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кездегі есімі Руслан Өмірзақов болуы мүмкін деген болжам бар. Кейін ол «Малютка» балалар үйіне орналастырылған.
Оның әйелінің жазуынша, оның екінші аты Шапағат болуы да ықтимал, бірақ бұл туралы нақты ақпарат жоқ. Балалар үйінен 2003 жылы 19 қаңтарда асырап алынған. Бұл – олар білетін жалғыз нақты дерек.
Басқа да осындай жағдайлар
Бұған дейін де Қазақстаннан асырап алынған шетелдіктердің өз туған ата-анасын іздеген жағдайлары болған. Мысалы, 2000 жылы Тараздан асырап алынған Пол Сардар Бэбкок та өз тамырын іздеп көрген.