Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ақселеу - Алашқа ортақ тұлға
«Ақселеу - Алашқа ортақ тұлға» әдеби - танымдық кеш
Мақсаты: Білімділік: Арқаның алтын сандығы жерлес қаламгер Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын жан - жақты тану, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Алаштың Ақселеуінің прозасы мен зерттеулерінің өзіндік ерекшелігін ұғындыру, жерлес қаламгеріміздің даралығын танытып, шығармаларын жатқа айтуға баулу.
Тәрбиелік: Ақселеу шығармашылығының тереңдігін сезіндіру, адамгершілік, ұлтжандылық эстетикалық, өнерпаздық тәрбие беру.

Кештің жоспары:
1. Ақселеу туған өлке
2. Ақселеу өскен орта
3. Білім жолында
4. Алғашқы қызметтер
5. Алғашқы әңгімелері мен зерттеулері
6. Жазушы, әдебиетші
7. Аудармашы
8. Ғылым - зерттеуші
9. Этнограф
10. Күйші - сазгер
11. Ұлт азаматы

1 - жүргізуші: Сейдімбек Ақселеу Сланұлы - 1942 жылы12 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Әкесін соғыс жалмап, анасы жесір қалған Ақселеудің қайғы - қасіретін ұмыттырған әкесінің ағасы Аманбек пен Күләндә еді. Өмірге ғашық өрім жасты Аманбек ақсақал ерте танып, қатарынан қалдырмауға барын салды. Мектеп қабырғасында жүргеннен - ақ үкілі үміт арқалаған ақын атанып, өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрді.

2 - жүргізуші: 1959 жылы орта мектепті тамамдаған соң, комсомолдық жолдамамен Қызылтау кеңшарында мал шаруашылығында еңбек еткен.
1963 - 1968 жылдары КазМҰУ - дың журналистика факультетінде оқыған. Қалам алды алғашқы туындылары туған жер, ауыл тұрмысы тақырыбына арналған.
Ортада алғашқы шығармаларының бірі «Атамекен» әңгімесінен үзіндіні
8А сынып оқушысы Белилова Алуа оқиды.

1 - жүргізуші: Қаламгерлік жолын 1968 - 1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші болып бастап, 1976 - 1981 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 - 1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы қызметтерін атқарады.

2 - жүргізуші: Сейдімбектің жазушылық қарымын, көркемдік деңгейін мейлінше көрсеткен кітабы «Аққыз». Бұл кітапта жинақталған повестердің ішінен айрықша «Күзеуде» және «Бір атым насыбай» повестерін бөліп айтуға болады. Бұл повестердің қай - қайсысы болмасын өзінің көркемдік концепциясы, тіл өрнегі жөнінен осы тектес шығармалардың класикалық үлгісі деп сипатталған.

1 - жүргізуші: Әсіресе, сюжет құру тартымдылығы мен тіл көркемдігі, құнарлылығы, сөз жоқ кәнігі шеберліктің куәсі іспеттес. Әрбір сөз сан қырымен барша әрімен құлпырып тұр. Сөз салмағы, мәні, қолданыс орны мінсіз. Оқып отырғанда бұлақтың суын ішкендей мейірің қанады. Кейпкерлердің сезім толқындарына өзін де қоса түсіп кеткеніңді байқамай қаласың. Бұл, әрине, көркемдік қуаттың биік керуенінің әсері деу керек.
«Аққыз» повесінен үзіндіні 8 сынып оқушысы --------------------------- оқиды.

2 - жүргізуші: Ақселеу Сейдімбек ең әуелі халқына көркем шығармашылығымен, мерзімді баспасөз беттерінде жиі жариялайтын мазмұнды мақалаларымен, очерктерімен танылды. Әдеби сынға да айтарлықтай үлес қосты. Жазған мақалаларында әдебиет пен тіл, мәдениет пен білім, өнер мен өмір, қоғам мен уақыт, ел мен жер, тарих пен ұлт келешегі туралы келелі - келелі мәселелерді көтеріп, оған қатысты ойсыздық, бейғамдық, тоқмейілсу, енжарлық пен еріншектік, астамшылық пен қанағатсыздықты сыншылдықпен көрсете алды.
«Тауға біткен жалбыз» әңгімесінен үзіндіні 8 сынып оқушысы ------------------------ оқиды.

1 - жүргізуші: Бойындағы білімі жан - жақты толысып, асқақ асулардан өткен Ақселеу Сейдімбек дер кезінде ғылымға келді. Оның ғалымдық жолы бір кездегі өзі бас редактор болған «Білім және еңбек»журналында жалғасып, кейіннен атын «Зерде» атаған журналдың мазмұны мен ұлттық қазыналарымызды асқақтатқан, көне дәуір ескерткіштерін көз алдыма алып келген елеулі еңбектерінен көрінді.

2 - жүргізуші: Қазақтың төлтума мәдениетін тұтастай тарихи тұрғыдан жан - жақты саралауды көздеген «Күңгір - күңгір күмбездер» атты еңбегі 1981 жылы жарық көрді. Зиялы қауым арасында айрықша қызығушылықпен ұлттық сілкініс тудырған бұл кітапты көпшілік ғылыми ірі ізденіс деп бағалады.

1 - жүргізуші: «Күңгір - күңгір күмбездер» атты ғылыми - көпшілік кітабы қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қалпында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен, тарихи - этнографиялық дерегінің молдығымен, әсіресе ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тұжырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек болды. Бұл кітап 1985 жылы «Поющие купола» деген атпен Е. Қажыбековтың аударуында орыс тілінде жарық көрді.

Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
кітапханашы Казниязова Рауза Кажмаганбетовна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Новости

Реклама