tengrinews.kz
- 15 февр. 2026 03:00
- 22
Ақтауда жоғалған 38 жастағы әйел өлі күйінде табылды
Ақтауда қаңтар айының соңында жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің өлі денесі табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, кейін полиция тарапынан расталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаменті әйелдің қайтыс болғанын растап, оның мәйтінің табылғанын хабарлады. Өлімнің себебі мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары толық ақпаратты кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.
Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-ші ықшам аудандағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Полиция тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.