tengrinews.kz
- 26 мар. 2026 05:30
- 27
Ақтаудағы танымал мейрамхана маңындағы қатыгез соққы видеоға түсіп қалды
Ақтаудағы танымал мейрамхананың алдында болған қатыгез соққы туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда екі ер адам жерде жатқан үшіншісін аяусыз тепкілеп жатқаны көрінеді. Оқиға 25 наурызға қараған түні, шамамен таңғы сағат 5-те Pinta мейрамханасының жанында болған. Қақтығысқа бес адам қатысқан.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнынан бес адамды полиция ұстады. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті барлық қатысушылардың тұлғалары анықталғанын және әрқайсысына заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.