Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Ақтаулық «Хан» той жүргізушісі: «Бұл хайп емес, жеке видеомның таралуына байланысты түсініктеме бердім»

Ақтауда той бизнесіндегі танымал тұлға, «Хан» лақап атымен белгілі жүргізуші жеке видеосының интернетте тарап кеткеніне қатысты түсініктеме берді. Ол бұл жағдайды хайп ретінде пайдалану ниеті жоқ екенін айтып, отбасының тыныштығы бұзылғанын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл хайп жасау үшін жасалған әрекет емес. Біз мұндай жағдайдан абырой табуға тырыспаймыз. Видео құпия сақталуы тиіс еді. Оны бізбен жұмыс істеген адамның ашып, таратқан болуы ықтимал. Қазір бұл жағдайды анықтап жатырмыз», - деді «Хан» есімді азамат.

Ол бұл оқиғаның отбасына қатты әсер еткенін атап өтті. Оның әйелі де желі қолданушыларынан видеоның таралуын тоқтатуды сұрап, көптеген хабарламалар алып, қатты күйзеліске ұшырағанын айтты.

Новости

Реклама