Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Алматыда жылу құбырларында жарылыстар болуы мүмкін: мекендер тізімі жарияланды

Алматыда 20 сәуірден 6 мамырға дейін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар өтеді. Бұл кезеңде тұрғындар мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау талап етіледі. Сынақтар кезінде жер бетіне су шығуы немесе жол жабынының бұзылуы сияқты жағдайлар орын алуы мүмкін.

Апатты жағдайлар туындағанда, «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің жедел қызметтеріне хабарласу қажет. Байланыс телефондары: 378-06-48, 378-06-62, сондай-ақ call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмірлер 1011 немесе 1014), бірыңғай нөмір - 109.

Аудандар бойынша сынақ кестесі

20 сәуір

Алатау ауданы: Мөңке би – Б. Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабдинов – Розыбакиев.

20-22 сәуір

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тоқтаров – Желтоқсан – Маметова – Абылай хан.

20 сәуір – 6 мамыр

Бостандық ауданы: Асқаров – «Мирас» ықшам ауданы – «Алматы» санаторийі – Саина – Әл-Фараби – «Қазақфильм» ықшам ауданы – Рысқұлов – Қаблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – «Алмагүл» ықшам ауданы – Қожанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев.

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименталды база – Қожанов – Әл-Фараби – «Алмагүл» ықшам ауданы.

Орбита-1, 2, 3, 4 – Саина – Рысқұлов – Кіші Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов.

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі.

21 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Жәкенов – Емцов.

Жетісу ауданы: «Айнабұлақ» 1–4 ықшам аудандары, «Көкмайса» ықшам ауданы, Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелерінің аумағы.

21-22 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр – Райымбек – Жәкенов – Емцов.

22 сәуір

Наурызбай ауданы: Жобаланған – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.

Жетісу ауданы: «Құлагер» ықшам ауданы (Серіков – Ратушный), Рысқұлов – Жансүгіров – Тихонов – Глазунов көшелерінің аумағы.

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Сатпаев – Варламов – Айманов.

22-23 сәуір

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин – Тоқтаров – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

23 сәуір

Наурызбай ауданы: Жобаланған – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.

23-24 сәуір

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Құратов – Гоголь.

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Ашимов – Ислам Каримов.

24 сәуір

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – «Зерделі» ықшам ауданы.

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

27 сәуір

Алатау ауданы: Райымбек – Отрарская – Рысқұлов – Н. Данченко.

Алмалы ауданы: Шоқин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек.

27-28 сәуір

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Қорғанская – Сәтпаев – Чайковский.

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлов – Саина – Кіші Алматы өзені.

28 сәуір

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – БАК-тың оңтүстік жағы.

29 сәуір

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек – Масанчи.

28-29 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко – Желтоқсан – Сәтпаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов.

29-30 сәуір

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Сатпаев – Саина – Сәдуақасов.

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

5 мамыр

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

Аталған аумақтардағы барлық тұтынушыларға ыстық су беру сақталады.

Новости

Реклама