Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Ақтөбе» футболшылары 8 наурыздан тарту етті: Луиш Нани де биге шықты

Ақтөбедегі «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап, жанкүйерлерді таң қалдырарлық тосын сый жасады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бейнероликте футболшылардың ән айтып, би билегені көрінеді. Тіпті команданың жұлдызы, португалиялық Луиш Нани де ортаға шығып, өнер көрсетті. Бұл – көпшілік біле бермейтін оның тың қыры.

Бейнеқұттықтау «Ақтөбе» әйелдер командасына арналып, нәзік жандыларға деген құрметті білдіру мақсатында ұсынылды. Бұл әрекет команда ұжымының әйелдерге деген сыйластығын айқын көрсетті.

Айта кетейік, жақында ғана Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында «Тобыл» командасының қақпасына нәтижелі пас беріп, командасының 4:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосқан болатын.

Новости

Реклама