Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Ақтөбеде 11-сынып оқушысын 15 жасөспірім жабылып соққыға жығып, пышақтаған

Оқиға биылғы наурыз айында тіркелгенімен, оның егжей-тегжейі енді ғана белгілі бола бастады. 17 жастағы Диас есімді оқушыны танысы алдап, бір топ жігіттің «әңгімесіне» ертіп барған. Сол жерде жасөспірімді кемі 15 адам күтіп алып, жабыла ұрып-соғып, аяғына пышақ сұққан. Бұл жантүршігерлік сәт дүкеннің бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Жасөспірімнің ата-анасы бұл оқиғаға байланысты терең алаңдаушылық білдіруде. Баласының жағдайы ауыр: бірнеше күрделі отадан өткен, қазір үй жағдайында емделіп жатыр. Өздігінен қозғала алмайды. Ата-анасының айтуынша, қылмысқа қатысы бар 15 баланың тек төртеуі ғана ұсталған, қалғаны бостандықта жүр.

Полиция бұл фактіні растады, қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Алайда қоғам бұл оқиғаға бейжай қарамай, кінәлілердің түгелдей жауапқа тартылуын талап етуде.

You Might Also Like

Новости

Реклама