Последнее обновление

(Время обновление 14 минут назад)
Ақтөбеде қоқыс жәшігінің жанынан адам денесі табылған сөмке шықты

Ақтөбеде қоқыс жәшігінің жанында жатқан сөмкеден адам денесі табылды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар мен жұмысшылар хабарлады. Олардың айтуынша, үлкен қытай сөмкесі бірнеше күн бойы қоқыс жәшіктерінің арасында жатып, қатты иіс шығарған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сумканың иісі сезіктендірді

№38 мектеп аумағындағы қоқыс алаңынан ер адамның мәйті табылған. Жергілікті аула сыпырушы Болат Жұмағалиевтің айтуынша, сөмке бірнеше күн бұрын байқалған және одан шыққан жағымсыз иіс көпшіліктің назарын аударған.

«Ол кешеге дейін осында жатты. Қатты иіс шықты. Өлік шіріп кеткен сияқты. Мен әйелім екеуміз осында аула сыпырушы болып жұмыс істейміз. Мен сөмкенің ішіне қарауға да ойладым, бірақ иісінен жақындай алмадым. Шіріген ет шығар деп ойладым. Ал кеше полиция келді, ешкімді жақындатпады. Сөйтсек, ішінде адамның өлігі жатқан екен», - дейді Болат Жұмағалиев.

Полиция қандай шаралар қолданып жатыр?

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл жағдайды растады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қоқыс алаңынан 55 жастағы ер адамның мәйті табылған.

«Мәйітті тапқан факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция Ақтөбе тұрғындарын жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Новости

Реклама