Photo: Bulat843 🌙 (https://www.pexels.com/@bulat843-1243575272) / Pexels
- 08 апр. 2026 01:30
- 26
Арзан, бірақ қауіпті: соғыс Дубайдағы қазақтардың өмірін қалай өзгертті
Әлемді өзінің сұлулығымен баураған Дубай қазір туристерді аз тартады. Иран мен АҚШ-Израиль арасындағы соғыс басталғалы қаланың тыныштығы бұзылып, бұрын қауіпсіздігімен танымал болған мегаполисте жарылыс үні жиі естілетін болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соғысқа дейінгі жайлы өмір
Дубайда екі жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық Ұлдана Сұлтанованың айтуынша, жергілікті тұрғындар қауіпсіздікті сезінгенімен, толық қорғалмаған. Өйткені АҚШ-тың нысандарына соққы жасалу қаупі бар. Соғыс басталғалы отбасымен бірге Қазақстанға оралғанымен, жұбайының жұмысына байланысты қайта Дубайға оралуға мәжбүр болған.
Жарылыс үні жиі естіледі
Ұлдананың сөзінше, қазір күніне бір-екі рет жарылыс үні естіледі. Қала билігі хабарлама жіберіп, халықты сақтандырып отырады. Дегенмен, тұрғындар әдеттегідей көшеде еркін жүріп, күнделікті тіршілігін жалғастыруда.
Босаған қонақүйлер, арзандаған пәтерлер
Соғыс салдарынан Дубайдың туризм саласы қатты зардап шеккен. Туристік орындарда адам аз, қонақүйлер мен мейрамханалар жеңілдіктер ұсынып жатыр. Жалдамалы пәтер бағасы да төмендегенімен, ұзақ мерзімді жалдау бойынша баға өзгеріссіз қалған.
Имидж – басты орында
Дубай билігі қаланың имиджін сақтауға басты назар аударады. Жағымсыз жаңалықтар мен жалған ақпараттарды қатаң бақылайды. Мұндай әрекеттер үшін депортациялау қаупі бар. Сондықтан туристер Дубайды әлі де ең қауіпсіз қалалардың бірі ретінде санайды.