Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Асхат Аймағамбетов: Қазақстандықтарға жылына 3 күнге дейін скринингтен өтуге мүмкіндік беріледі

Қазақстандықтар енді жылына үш жұмыс күніне дейін медициналық скринингтен өтуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Депутат бұл мүмкіндік туралы көпшіліктің хабарсыз екенін атап өтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік демалыс – заңмен қамтамасыз етілген құқық

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, қызметкерлерге скринингтен өту үшін арнайы әлеуметтік демалыс қарастырылған. Бұл демалыс жылына 3 жұмыс күніне дейін созылады және жұмыс беруші оны міндетті түрде беруге тиіс.

«Көпшілік бұл туралы білмейді. Бірақ бұл Еңбек кодексінде нақты жазылған. Скринингтен өтіңіздер және өз құқықтарыңызды пайдаланыңыздар», – деп жазды депутат.

Әлеуметтік демалыстың басқа да түрлері

Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан басқа, әлеуметтік демалыстың бірнеше түрі қарастырылған. Олар:

Сонымен қатар, жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін де кемінде үш жұмыс күні демалыс беріледі.

Новости

Реклама