depositphotos.com
- 25 февр. 2026 18:00
- 23
Теңге құны қайта құлдырады: доллар 500 теңгеден асты
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 501,26 теңгеге жетті. Бұл өткен саудадан 4,02 теңгеге жоғары. Осылайша, доллар бағамы нарық үшін маңызды саналатын 500 теңгелік «психологиялық межеден» қайта асып түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің ресми бағамы
Қазақстан Ұлттық банкі 25 ақпанға белгілеген ресми бағам бойынша, бір доллар 496,85 теңге болды.
Айырбастау пункттеріндегі бағам
kurs.kz сайтының мәліметінше, Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы келесідей:
Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:
Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам:
Ұлттық банктің алдағы саясаты
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол бұрынғы деңгейде – 18 пайыз болып сақталды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл мөлшерлеме алдағы алты айда осы деңгейде қалуы мүмкін. Бұл инфляциялық қысымды тежеп, бағаның өсуін бәсеңдетуге бағытталған шара. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатайтуға дайын екенін мәлімдеді.