Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Астана маңындағы жолдарда жылдамдық шектеуі төмендетілді

Астанадан шығатын екі маңызды тас жолда автокөліктердің жүру жылдамдығы азайтылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК мәліметінше, 7 наурызда сағат 08:30-дан бастап Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына (қар, боран, көктайғақ, көрудің нашарлауы) байланысты жылдамдық режимі сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін өзгертіледі.

Бұл өзгеріс барлық көлік түрлеріне қатысты.

Жылдамдық қандай жолдарда шектеледі?

Жылдамдық келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде төмендетіледі:

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 10:30-дан бастап Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (407-346 шақырым), СҚО шекарасы — Жақсы ауылы (61 шақырым) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылады.

Новости

Реклама