КазАвтоЖол
- 17 мар. 2026 23:00
- 29
Астана-Щучинск тас жолындағы дәретхана мәселесіне байланысты филиал директоры қызметінен босатылды
Астана-Щучинск тас жолының 29-шы шақырымындағы санитарлық тораптың 8 наурызда уақытша жабық тұрғаны анықталды. Осы жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесінде бірқатар шаралар қабылданды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу қорытындысы бойынша, сервистік компанияның облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды. Сондай-ақ, филиал және ұлттық компанияның орталық аппараты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жолаушыларға арналған жағдай
Елдегі автожолдар бойында барлығы 176 модульдік санитарлық-гигиеналық торап орнатылған. Жолаушылар мен жүргізушілер сервис деңгейіне қатысты шағымдарын келесі жолдармен жолдай алады: