Последнее обновление

(Время обновление 5 дней назад)
Астанада базарда зейнеткердің қалтасын ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада базарда зейнеткердің қалтасын ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада 63 жастағы зейнеткерді базарда тонап кеткен қалта ұрысы ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Оқиға “Шапағат” базарында болған. Зейнеткер сауда жасап, есеп айырысқан соң әмиянын күртешесінің қалтасына салған. Алайда үйіне келгенде оның жоғалғанын байқайды. Әмиян ішінде 200 мың теңгеден астам қаражат болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 29 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс материалдары сотқа жолданды.


Дереккөз

You Might Also Like

Новости

Реклама