tengrinews.kz
- 25 мая 2026 07:00
- 19
Астанада психикалық дамуы кешеуілдеген оқушыны мектептен кейін ұрып соқты
Астанада мектептен кейін бір топ баланың психикалық дамуында кемістігі бар оқушыны ұрып-соққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке сүйенсек, оқиға мектептен кейін болған. Анасының айтуынша, оның ұлына мектептен шыққан кезде сегіз бала күтіп тұрған. Оның бірі артынан келіп, мойнын буып, ұра бастаған. Қалғандары жанында тұрып, күліп, видеоға түсіріп, басқа балалардың араласуына жол бермеген.
Буллинг – тек ұрып-соғу емес
«Буллинг деген тек ұрып-соғатын адам ғана емес. Ол – үнсіз қалатындар, қытымырлыққа итермелейтіндер, видеоға түсіретіндер және топ болып бір баланы қорлап тұрғанда бақылап тұратындар», – деп жазды ана.
Есіл аудандық полициясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Аталған факті бойынша, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдерінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес өткізілді. Онда осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау және кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылауды күшейту шаралары қаралды», – делінген полиция хабарламасында.