Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Астанадағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Астанадағы айналма жолдың «Балқарағай» демалыс аймағына бұрылатын жерінен Павлодар бағытындағы жол айрығына дейінгі 8 шақырымдық учаскесі 3 мамырдан 13 мамырға дейін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады.

Жөндеу жұмыстары аясында жолдың жабыны фрезерленеді, ойықтар жойылып, асфальт-бетон жабыны екі қабат төселеді. Жоғарғы қабат төселгенше, төменгі қабат төсеу арасындағы үзіліс кезінде көлік қозғалысы уақытша ашылады.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерді алдын ала бағыттарын жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеруді және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Республикалық автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Новости

Реклама