Tengrinews.kz
- 13 февр. 2026 02:30
- 132
Астанадағы мектеп оқушыларының бір бөлігі 13 ақпанда қашықтан оқиды
Астанада 13 ақпан күні мектеп оқушыларының бір бөлігі қашықтан оқытылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуіне) байланысты 2026 жылғы 13 ақпанда бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысады.
Елордада соңғы бірнеше күн бойы аязға байланысты кіші сынып оқушыларының бірінші ауысымы үйде отыр. Бұған дейін синоптиктер 13 ақпанда Астана мен Алматыдағы ауа райы туралы хабарлаған болатын.