Последнее обновление

(Время обновление 15 часов назад)
Астанаға шетелдік көшбасшылар ағылып жатыр

 

Мамыр айының соңында Астанада халықаралық кездесулердің легі өтпек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір апта ішінде бірқатар елдің жоғары лауазымды өкілдерін қабылдап, маңызды іс-шараларға қатысады.

28-29 мамыр күндері елге Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова және Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович ресми сапармен келеді.
28 мамырда Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездеседі.

29 мамырда Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысып, бірқатар мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдерімен келіссөздер өткізеді.

30 мамырда Қазақстанға Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони келеді. Сол күні «Орталық Азия – Италия» атты алғашқы саммит өтеді. Бұл жиын өңірлік және еуропалық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған рәсімге қатысады.

You Might Also Like

Новости

Реклама