Последнее обновление

(Время обновление 15 часов назад)
Экс-сенатор Сафинов БАҚ-пен соттасуын тоқтатпақ емес

Экс-сенатор Қанатбек Сафинов пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы сот дауы жаңа кезеңге өтті. Ulysmedia.kz пен өзге де ақпарат құралдарының Сафиновтың суретін ашық дереккөзден алып жариялауына қатысты алғашқы сот инстанциясы журналистердің әрекетін заңды деп таныды. Алайда Сафинов бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Ашық дерек – ашық рұқсат

Сафиновтың адвокаты Мұрат Адамның айтуынша, апелляциялық шағым Астана қалалық сотының апелляциялық алқасына жолданған. Ол бірінші инстанция сотының шешімін БАҚ туралы заңмен негіздегенін еске салды:
– «Егер сурет немесе бейнежазба адамның қоғамдық не қызметтік қызметімен байланысты болса әрі бұрын ашық дереккөздерде жарияланған болса, оны келісімсіз таратуға болады», – деді адвокат.

Сафинов – заң ғылымдарының докторы, бұрынғы сенатор. Суретінің жариялануына қарсы болуы оның жеке құқығы болғанымен, журналистер мен заңгерлер бұл талапты шектен тыс деп санайды.

You Might Also Like

Новости

Реклама