
- 26 мая 2025 12:44
- 232
Израиль Газа секторына барлық әскерін кіргізді
Израиль Газа секторына жаяу әскер мен танк бригадаларын толық көлемде орналастырып, әскери қимылдарды күшейтті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қадам анклавтағы операцияларды ауқымды деңгейге шығаруға бағытталған. Әсіресе, Хан-Юнис аймағы ауыр ұрыс алаңына айналды – мұнда әуе шабуылдары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.
Соғыс қимылдарына Израильдің десанттық бригадасы да тартылған. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тек бір күннің ішінде 39 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Анклавта қалған палестиналықтар қазір қарулы шабуылдармен қатар, гуманитарлық дағдарыспен де күресуде. Израиль билігі гуманитарлық дәліз ашқанымен, жеткізілген азық-түлік пен қажетті заттар 2 миллионнан астам халықты қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып отыр.
-
Украина президенті Владимир Зеленский Анкарада өтетін маңызды кездесу алдында Ресей басшысы Владимир Путинге үндеу жасады. Ол өз мәлімдемесінде тікелей келіссөзге дайын екенін, бірақ Путиннің бетпе...