f.azh.kz
- 07 мар. 2026 04:31
- 26
Атырауда 10 наурызда электр жарығы өшеді: Нақты мекендер тізімі
Атырау қаласы мен облысында 10 наурыз күні, сейсенбіде, электр жарығы белгілі бір уақыт аралығында өшіріледі. Бұл туралы «Атырау Жарық» ЖШС-нің ГРЭС кәсіпорны хабарлады.
Электр қуатының уақытша тоқтатылуы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында жоспарланған. Жарық өшетін мекендер мен уақыттары төмендегідей:
10:00-ден 12:00-ге дейін
Байтұрсынов, Таймaнов даңғылы, Досмұхамедов, Ж. Елеусізов, Гагарин, Жансүгіров көшелері.
10:00-ден 16:00-ге дейін
Жилгородок ықшамауданы: Әуезов көшесі, үй №3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 13, 14, 17; Одесса көшесі, үй №1, 2, 3, 4, 5, 6; Еділ, Севастополь, Ондасынов, Волгоград көшелері.
10:00-ден 17:00-ге дейін
Еркинкала-2 елді мекені: Е. Бекмаханов көшесі, №23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 31, 32, 33; Елеусізов көшесі, үй №72-94; Тастақ өткелі.
10:00-ден 18:00-ге дейін
Атырау ықшамауданы: Молдағұлова, Н. Гоголь, Х. Досмұхамедов, Құрманғазы, Бигелдинов көшелері.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.