Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Тұрсынбек пен Мөлдірдің қуанышы шексіз: Қыздарын Дубайдан күтіп алды

Еліміздің танымал әзілкеші Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдан аман-есен елге оралды. Бұл қуанышты жаңалықты анасы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде бөлісті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әдемі әуежайда қарсы алынды

Мөлдір Мұқан қызын әуежайдан күтіп алған сәтін жазба ретінде жариялап, «Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Әдемочкам аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!» деп жазды. Желі қолданушылары да отбасының қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді.

Әкесі де қуанышын жасырмады

Әкесі Тұрсынбек Қабатов та тұңғыш қызының елге оралғанын желіде жариялап, «Жаным, аман-есен келуіңмен!» деп құттықтады. Бұл жаңалық көпшіліктің жүрегін жылытты.

Новости

Реклама