
- 18 авг. 2025 09:15
- 26
Атырауда фельдшер қарудан қаза тапты
Атырауда фельдшер қарудан қаза тапты,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.
17 тамыз түнінде Атырау қаласында қайғылы жағдай болды. Жедел жәрдемде фельдшер болып жұмыс істеген 23 жастағы азамат көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал үйлену тойында басталған. Достары белгісіз адамдармен сөзге келіп, төбелес шыққан. Оқиға орнына шақыртылған марқұм қақтығыс кезінде қарсы тараптағы жігіттердің бірінен оқ тиіп, оқиға орнында қаза тапқан.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның артында аяғы ауыр жары қалған.