Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Камчаткада бір тәулікте 146 жер асты дүмпуінен кейін бес бірдей жанартау белсенділігі артты

Камчаткада бір тәулікте 146 жер асты дүмпуінен кейін бес бірдей жанартау белсенділігі артты

30 шілдеде Камчатка түбегінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін өңірдегі жанартаулық белсенділік күрт күшейді. Ғалымдардың мәліметінше, бір тәуліктің ішінде магнитудасы 3,2-ден 6,2-ге дейінгі 146 афтершок тіркелген. Олардың 20-дан астамы халық тығыз орналасқан елді мекендерде 2–5 балл аралығында сезілген.

Осы дүмпуден кейін Ключевской, Шивелуч, Карымский, Безымянный және Камбальный жанартауларының белсенділігі артқаны байқалды. Ең қатты өзгеріс Ключевской мен Шивелуч жанартауларында тіркелген. Мамандар лава ағыны мен күкірт газы бөлінуі көбейгенін айтады.

Камчатка – Еуразия материгіндегі ең сейсмоактивті әрі жанартаулары жиі атқылайтын өңір. Қазір өңірде туристік қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, халыққа қауіпсіз арақашықтықты сақтау жөнінде ескерту жасалуда.

Жанартаулардың одан әрі белсенділігі мен афтершоктардың жиілігі геофизиктер бақылауында.

You Might Also Like

Новости

Реклама