Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Грузияда қазақстандық боксшының інісі Шыңғыс Мұсаділов өлі күйінде табылды

Тбилисиде жоғалып кеткен 27 жастағы Шыңғыс Мұсаділов бірнеше күндік іздеуден кейін өлі күйінде табылды. Қайтыс болғаны туралы ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады. Марқұм – белгілі боксшы, Қазақстан чемпионы Серік Мұсаділовтің інісі.

Жақындарының айтуынша, Шыңғыс 4 тамызға қараған түні Тбилисидің орталығындағы түнгі клуб маңында соңғы рет көрінген. Содан бері байланысқа шықпаған. Туыстары бірден полицияға жүгініп, іздеу жариялаған.

Бірақ іздеу бірнеше күнге созылып, өкінішке қарай, қайғылы хабармен аяқталды. Қазір оның өліміне не себеп болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мұсаділовтер отбасы мен спорттық қауымдастық бұл жаңалықты ауыр қайғымен қабылдады. Шыңғыстың өмірден мезгілсіз кетуі – тек отбасы үшін емес, бүкіл спортшы қауым үшін орны толмас қаза.

You Might Also Like

Новости

Реклама