Photo: Luis del Río (https://www.pexels.com/@luisdelrio) / Pexels
- 25 мар. 2026 02:00
- 29
Атырауда қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге қатысты жаңа деректер жарияланды
Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты күдіктіге ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев екі айға қамауға алынды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол тергеу изоляторына жеткізіліп, аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандарға арналған арнайы камераға орналастырылды.
Қылмыстың мән-жайы
Тергеу деректері бойынша, Сәрсемалиев Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деген күдікке ілінген. Қаза тапқан ерлі-зайыптылардың мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы сарайдан табылған. Ал олардың ұлы мен қызының денесі күдікті бұрын жалдап тұрған Геолог ықшамауданындағы үйдің ауласынан шыққан.
Халықаралық іздеу
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Сұлтан Сәрсемалиев бұған дейін Индонезияда ұсталып, кейін Қазақстанға жеткізілген. Оның жанынан марқұмдарға тиесілі жеке куәліктер, банк карталары және ұялы телефон табылды.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.