Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Атыраудағы қайғылы оқиға: Марқұм отбасының үйіне кілт тастап кеткен бейтаныс

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында қайғылы жағдайда қаза тапқан отбасы ісіне қатысты жаңа, түсініксіз жайттар анықталды. Бұл туралы «КТК» арнасының тілшісі Жанар Молдашева хабарлады.

Жуырда марқұм ерлі-зайыптылар Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның, сондай-ақ олардың балалары Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның зираты тұрғызылған болатын. Сол күні қаралы үйде Құран оқытылып, ағайын-туыс пен ауыл тұрғындары жиналды.

Осы жиын барысында марқұмдардың жақындары күтпеген жағдайды айтып берді. Олардың сөзінше, жуырда белгісіз біреу қаралы үйдің есігінің алдына кілт тастап кеткен. Марқұмның туыстарының бірі үйге жиі келіп, нан пісіріп, иіс шығарып жүрген. Кезекті келген сәтінде табалдырықта жатқан кілтті байқап, сол кілт арқылы үйдің есігін ашқан.

Бұл жайт туыстардың күдігін күшейте түскен. Олар бұл іске күйеу баладан бөлек, тағы біреудің қатысы болуы мүмкін бе деген ойға келді. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты нақты мәліметтер анықталуда.

Новости

Реклама