
Фото: freepik.com
- 02 сент. 2025 09:13
- 25
«Ауғанстандағы жер сілкінісі»: Қаза тапқандар саны 500-ден асып кетті
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асып кетті , деп хабарлайды Infohub.kz.
1 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлап жатыр.
Магнитудасы 6 балдық зілзала елдің солтүстік-шығысындағы Кунар провинциясында, Пәкістан шекарасына жақын аймақта болды.
Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақытпен 23:47-де тіркелді. Негізгі дүмпуден кейін бірнеше афтершок болды.