Последнее обновление

(Время обновление 5 месяцев назад)
"Азаттықтың жабылуы – сөз бостандығына соққы ма?" – Мәжіліс депутаты өкініш білдірді

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "Азаттық радиосының жабылуы мүмкін" деген ақпаратқа өкініш білдірді.

"Азаттық жабылады, АҚШ қаржыландыруды тоқтатады деген жаңалық тарап жатыр. Егер бұл рас болса, өте өкінішті. Сөз бостандығы, саяси институттардың дамуы, бейтарап ақпарат тарату тұрғысынан алғанда, Азаттықтың орны ерекше. Апталық шолуларын үнемі қарап отырамын, әсіресе зерттеу материалдары өте мықты. Манас Қайыртайұлы, Нұргүлдің еңбектері, Дубайдағы пәтерлер мен олигархтардың жасырын мүліктері туралы зерттеулері нақты дәлелдермен берілді. Егер олар жалған ақпарат таратса, баяғыда сотқа тартылатын еді. Азаттық көптеген кәсіби журналистердің шыңдалуына ықпал етті. Рахат Мамырбек, Қасым Аманжол сынды мықты журналистер осында тәжірибе жинақтады. Бұл – үлкен мектеп", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін "Азаттық радиосын қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін" деген ақпарат тараған еді. Егер бұл шешім жүзеге асса, Қазақстандағы тәуелсіз ақпарат алаңы одан әрі тарылуы мүмкін.

You Might Also Like

Новости

Реклама