Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Әзілкештің жары тағы жүкті: Ғалым Махамбеттің отбасы 8-ші баласын күтуде

Әзілкеш әрі тележүргізуші Ғалым Махамбеттің отбасында 8-ші сәби дүниеге келеді деп күтілуде. Бұл жаңалықты әзілкештің жары Әсия Тәңірбергенқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған соң, көпшіліктің қызу талқысына айналды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылары Ғалым мен Әсияға ақжарма тілектерін жаудырып, «Өмірімен берсін», «Аман-есен туылсын», «Ұрпағы көбейсін» деп жарыса жазды. Алайда, кейбір оқырмандар әзілдеп, «Демалмайды екенсіңдер», «Денсаулық керек емес пе?», «Сендерге дауа жоқ екен» деп те пікір білдірді. Бұл жаңалық әзілкештің көп балалы әке екенін тағы бір еске салып, ел арасында қызу әңгімеге арқау болды.

Новости

Реклама