Photo: cottonbro studio (https://www.pexels.com/@cottonbro) / Pexels
- 17 апр. 2026 16:02
- 35
Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолды иемденуі жұртшылықты шулатты
Танымал продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешованың «Қыз Жібек» фильмінде киген тарихи қамзолын өзіне алғанын мәлімдеді. Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тарихи жәдігердің тағдыры
Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында бұл қамзолды өмірінің соңына дейін сақтайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл – 50 жылдық тарихы бар, Меруерт Өтекешованың «Қыз Жібек» фильміндегі рөлінде киген ерекше киімі.
Келесі «Қазақ аруы» байқауының Қыз Жібек образы мен Меруерт Өтекешке арналатынын да продюсер атап өтті. Алайда, бұл қамзолдың сыйланған ба, әлде сатып алынған ба, бұл жағы әзірге белгісіз.
Желі қолданушыларының наразылығы
Бұл жаңалықты естіген желідегі көптеген оқырмандар бұл тарихи жәдігердің мұражайда сақталуы керектігін айтып, наразылық білдірді. Пікірлердің кейбірі мынадай болды:
"Бұл өте құнды ұлттық дүние, музейде тұру керек деп ойлаймын", "Мына камзолды бұл кемпірдің киюге хақысы жоқ", "50 жылдық тарихи жәдігер Ұлттық музейде тұру керек".
Кейбір оқырмандар бұл киімді белгілі бір тұлғаларға беруді ұсынса, енді бірі бұл жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.
-
Алматыда 20 сәуірден 6 мамырға дейін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.