Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
«Баян, жер қылдың ғой!»: Алагөзоваға сыйланған футболка жұрттың ашуын туғызды

Алматыда өткен КешYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концертінде продюсер Баян Алагөзоваға табысталған футболка жұртшылықтың наразылығын тудырды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің ашуын келтірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерттегі даулы сыйлық

29 мамырда Орталық стадионда 30 мың көрерменнің көзіндей болған топтың 20 жылдық шоуында визажист Нучи продюсерге арнайы футболка сыйлады. Футболкада қазақстандық интернетте кең танымал болған «Ұстазым» және «Моля, не нервируй меня!» деген сөздер жазылған еді. Бұл сыйлық желіде тез таралып, әртүрлі пікірлерге себеп болды.

Қанат Майлыбайдың пікірі

Блогер әрі әнші Қанат Майлыбай бұл жағдайға қатысты өз ойын ашық білдіріп, әрекетті қатаң сынға алды. Ол бұл сыйлықты хайп жинау әрекеті деп атап, продюсердің бұл жағдайға күліп тұруын ұятқа балады.

«Сөйтіп өзіне хайп жинап жатыр ғой. Анау Баянда бет жоқ, ол да күліп тұр. Баян, сенікі ұяттау. Қоя қою керек қой. Концертің өтті, ел барды, алғысыңды алдың, енді өйтіп жерлей берудің қажеті жоқ қой», – деді Қанат Майлыбай.

Оның айтуынша, Мөлдір есімді әнші – жалғызбасты ана, ол өзінің күнін өзі көріп жүр. Майлыбай бұл жағдайды әрі қарай созбауға шақырды.

Новости

Реклама