прокуратура Иркутской области/Telegram
- 21 февр. 2026 09:30
- 18
Байкал көліндегі қасірет: Қытайдан келген жеті турист суға кетті
Ресейдегі әлемдегі ең терең көлдердің бірі – Байкал көлінде қайғылы оқиға болды. Мұз үстімен саяхаттап жүрген қытайлық туристер мінген көлік апатқа ұшырап, салдарынан жеті адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 20 ақпан күні күндіз болған. Хужир ауылы маңындағы демалыс орнынан шыққан "УАЗ" автокөлігі тоғыз адамды, оның ішінде сегіз қытайлық туристі алып, көлдің мұзымен Хобой мүйісіне қарай бет алған. Алайда, қозғалыс кезінде көлік мұздың жарығына түсіп, су астына кеткен.
Қаза тапқандар арасында бала да бар
Апат салдарынан көлікті басқарған 44 жастағы жергілікті жүргізуші мен жеті турист қаза тапты. Қайтыс болғандардың қатарында 2013 жылы туған бала да бар екені анықталды. Тек бір турист аман-есен шыға алған.
Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, қаза тапқан туристер арасында ҚХР азаматтары – жұбайлар, олардың 14 жасар баласы және тағы бір туысы болған. Олар туроператорлар арқылы емес, тікелей жүргізушімен келісім жасап, өз бетінше саяхатқа шыққан.
Мәселенің мән-жайы
Апат орын алған жердегі мұздың қалыңдығы 18 метрді құрап, көлік үш метрлік мұз жарығына түскен. Қазіргі уақытта аман қалған жолаушы демалыс орнында орналасқан және тергеушілер одан жауап алатын болады.
Облыс губернаторы Игорь Кобзев Ольхон аралына баратын мұз өткелінің әлі ашылмағанын және мұзға шығуға тыйым салынғанын, бұл өте қауіпті екенін еске салды.