tengrinews.kz
- 30 мар. 2026 13:30
- 32
Бас прокуратура Наурызға қатысты жағымсыз пікірлер мен алауыздық тудыру әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды өз ойларын білдіру кезінде, соның ішінде онлайн-платформалар мен қоғамдық ақпараттық ресурстарда заңнаманы қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, кейбір тұлғалардың ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және көп ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы туралы жағымсыз пікірлерді көпшілікке таратуы тіркелген. Мұны олар өздерінің жалған діни догмаларымен дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың үйлеспейтіні туралы бұрмаланған ойларымен ұштастырған.
«Мұндай мәлімдемелер Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін айқындайтын Конституция ережелеріне қайшы келіп қана қоймай, еліміздегі қоғамдық, дінаралық және ұлттық келісімге зиян келтіруі, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дискредитациялауы мүмкін», - деп атап өтті Бас прокуратура.
Медиа және блогерлердің жауапкершілігі
Бас прокуратура әсіресе, арандатушылық немесе жалған діни мәлімдемелері бар тұлғаларға қоғамдық трибуна ұсынатын журналистердің, блогерлердің және ақпараттық алаңдардың иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударады. Ведомство мұндай материалдарды жариялау жалған ақпараттың таралуына, жыныстық артықшылықты насихаттауға және әйелдердің қадір-қасиетін кемсітуге ықпал ететінін атап өтті.
Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби этиканы, объективтілікті қатаң сақтауға және қоғамдық келісімді бұзуы мүмкін идеяларды насихаттау үшін өз платформаларын пайдаланбауға шақырады.
Заңнамалық жауапкершілік
Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату», жаза айыппұлдан 1 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді) бойынша қоғамдық тәртіпке және азаматтардың құқықтарына әсер етуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке әкелетінін Бас прокуратура еске салды.
Ұлттық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты тудыруға бағытталған жария мәлімдемелер ҚК-нің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сoсловиелік немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша қарастырылады және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (жаза айыппұлдан 2 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді). Сондай-ақ, мұндай әрекеттер діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды бұзуы мүмкін, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Қазақстандықтарға үндеу
Бас прокуратура азаматтарға жалған ақпарат таратпауға, мәдени және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамда жанжал тудыруы мүмкін мәлімдемелерге жол бермеуге шақырады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында Наурыз туралы даулы видеодан кейін блогер ұсталған болатын. Видеода ол бұл мерекені Қазақстанда тойлауға болмайтынын айтып, оны «мұсылман емес» мереке деп атаған. Аталған азаматқа қатысты діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.
-
Kazakhstan's top prosecutor urges citizens and media to respect national traditions, particularly Nauryz, and avoid spreading divisive content online.