Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 08 февр. 2026 22:00
- 7
"Бетімді қақпады... 'Кешірімді бол' деді": Дариға Бадықованың бұрынғы жарының жан сыры
Дариға Бадықованың бұрынғы жарынан жаңалық
Танымал актер Дархан Мұсаев жеке парақшасында жаңа жазба жариялады. Онда ол Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дархан Мұсаевтың жазбасы
Мұсаев жазбасында өнердегі жолын, қиындықтарын және Хайрол Мархаба есімді азаматтың қолдауын еске алды. Ол Хайролдың оған сенім артып, жаңа жобаға атсалысуға ұсыныс жасағанын айтады.
«Кейде тағдыр адамды сынайды. Сол кезде жаныңнан жақсы адамдар табылып, қолдау көрсетсе, еңсеңді тіктейсің. Хайрол Мархаба – өнерде өз орны бар азамат. Мен болсам, бір кездері кино түсіремін деп жүріп, күмәнданып қалғанмын. Сол кезде Хайролға барып, жағдайымды айттым. Ол мені тыңдап, ақыл-кеңесін берді. «Кешірімді бол» деді. Маған сенім білдірді. Қазір ол біздің жобамыздың бас продюсері», – деп жазды Дархан.