Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 14 февр. 2026 15:31
- 16
"Бірінші әйелін аяймын": Әнші Рүстем Жүгінісовтің жеке өмірі туралы жаңа деректер
Әнші, елге «Жүгінісовтар» әулеті ретінде танымал Рүстем Жүгінісовтің жеке өміріне қатысты жаңа ақпарат желіде тарап, жұртшылықтың назарын аударды. Ақпаратқа сүйенсек, әншінің екінші әйелінен баласы бар екені белгілі болды.
Бұл жаңалық Threads әлеуметтік желісінде жарияланып, көпшіліктің қызу талқылауына себеп болды. Желі қолданушыларының бірі Рүстем Жүгінісовтің бірінші әйелі Айжанды аяйтынын жеткізіп, оның талантының тұншығып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«Бәрінен бұрын Рүстемнің бірінші әйелі Айжанды аяймын. Қандай әнші еді, даусы бүкіл Жүгінісовтікілерден басып озады. Күйеуі дінге беріліп, оған хиджаб кигізіп, төрт қабырғаға қамап, талантын тұншықтырып жатыр. Енді бүгін оның екінші әйелінен баласы бар екенін біліп жатырмыз. Анасы Айнұр Жүгінісова да өмірі келінді тәрбиелейді, ал «ханзада» ұлдары жүр, нәпсілеріне ие бола алмай», — деп жазды аноним желіде.
Аталған ақпаратты желі қолданушылары растап, әншінің отбасы жағдайына қатысты түрлі пікірлер айтуда.