Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Бүгін танымал әнші Димаш Құдайберген туылған күні

Бүгін – қазақ өнерінің жауһары, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде дүниеге келген. 5 жасынан сахнада өнер көрсеткен Димаш 6 жасында-ақ фортепиано бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, талантын ерте танытқан.

Димаштың атына «Жас қанат», «Славян базары», Қытайдағы әйгілі «I Am a Singer» шоуы, «Top Chinese Music Award» сынды байқаулар арқылы әлем елдері назар аударды. Ол түрлі тілдерде шебер ән шырқап, Азияның ең танымал вокалистерінің біріне айналды.

Әнші Ахмет Жұбанов атындағы колледжде және Қазақ Ұлттық өнер университетінде білім алды. Қазіргі таңда Димаш – Қазақстанның ғана емес, әлем тыңдармандарының да сүйіктісі, еліміздің мәдени бренді.

Туылған күніңмен, Димаш!

You Might Also Like

Новости

Реклама