Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
Қазақстандықтар экологиялық мәселелерді шешуге @TazaQazBot арқылы белсенді атсалысуда

Қазақстандықтар экологиялық мәселелерді шешуге @TazaQazBot арқылы белсенді атсалысуда,-деп жазады Инфохаб.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда Telegram платформасында @TazaQazBot чат-ботын іске қосқан болатын. Бұл экологиялық мәселелер бойынша тұрғындардың жедел өтініштері мен шағымдарын қабылдайтын цифрлық құрал ретінде танылып үлгерді.

Бүгінде экоботқа 18 мыңнан астам өтінім келіп түсіп, олардың 17 мыңы сәтті орындалған. Белсенді қолданушылардың басым бөлігі Алматы, Шымкент және Астана қалаларынан. Өтініштердің негізгі бөлігі аумақтарды тазалау, қоқыс шығару және көшелерді абаттандыру мәселелеріне қатысты.

@TazaQazBot 21 түрлі санатты қамтиды. Атап айтқанда: жолдарды жөндеу, арықтарды тазалау, аула ішіндегі жарықтандыру, су айдындарының ластануын жою сияқты өзекті экологиялық проблемаларды қамтиды. Сонымен қатар, пайдаланушылар тапсырма сапасыз орындалған жағдайда шағым түсіре алады. 2025 жылдың басынан бері жүйеге 200-ден астам шағым жолданған.

Министрлік барлық азаматтарды тұрмыста жиі кездесетін экологиялық түйткілдерді шешу үшін @TazaQazBot-ты белсенді қолдануға шақырады.

You Might Also Like

Новости

Реклама