Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Бұқтырылған ет тағамдары

«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК
Орындаған: Рангбаева Азиза Нурлибеккызы

Тобы: 13-А
Жетекшісі: Набиева Назира Калдыбековна

Сабақтың тақырыбы: Бұқтырылған ет тағамдары

Сабақтың мақсаты: Бұқтырылған ет тағамдарынының дайындалу технологиясын үйрену. Бұқтырылған ет тағамдарын дайындау барысында тағамның физикалық күйінің өзгеруін, химиялық құрамын зерттеу, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, ой-өрісін дамыту.

Бұқтырылған ет

Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы

1

Сиыр еті 

113

83

2

Басты пияз

5

4

3

Сәбіз

5

4

4

Ақжелкөк

-

-

5

Аспаздық май

5

5

6

Томат пюресі

12

12

7

Бидай ұны

4

4

8

Гарнир №688, 692, 694, 695, 696

-

150

9

Шығым :

-

275

Ірі кесекті еттерді бұқтыру үшін сиыр санының бүйір және сыртқы бөліктерін пайдаланылады. Қойдың жауырын, ал шошқаның жауырын және мойын бөліктері еттерін пайдаланады. Массасы 2 кг-ға дейінгі еттерді тұзбен, бұрышпен сылайды, қуырма қабық пайда болғанша қуырады. Сосын шұңғыл ыдысқа салып, ыдыстың ортасына дейін сорпа құяды не су құяды да үстіне шала қуырылған сәбіз, пияз, ақжелкек және томат пюресін қосады. Ыдыстың қақпағын жауып 1,5-2 сағ баяу қайнатып бұқтырады. Бұқтыру аяқталуға 15-20 мин қалғанда дәнекті бұршақ, лавр жапырағын, ақжелкөк көгі, аскөк көгі салынады. Одан басқа дәмдік қабықты, жұпар ағашы жаңғағын, қалампыр қосуға болады.  Даяр етті суырма табағына салып, үстіне бұқтырудан қалған сорпаны құйып, қуырма қабық қайтадан қалпына келгенше қуыру шкафында ұстайды. Сосын салқындатып, сыбағаларға турайды. Қалған сорпада қызыл тұздық дайындайды. Ол үшін сорпаға сұйытылған  қызыл шала қуырманы құяды. 25-30 мин пісіреді, сосын оны сүзеді, ал қатты піскен көкөністі езеді. Туралған етке дайындалған тұздықты құйып, қыздырады және мармитте сақтайды.  Әзір болған кезде сыбаға табағына не тәрелкеге гарнир ретінде піскен картоп, картоп пюресін, жұмыр кеспені, сусымалы ботқа, бұқтырылған орамжапырақ салып, жанына ет қойып, тұздық құяды.

Дәмдендірілген ет

Өнімнің атауы

Салмағы

Таза салмағы

1

Сиыр еті 

113

83

2

Сәбіз

19

15

3

Ақжелкек

-

-

4

Басты пияз

14

12

 

 

 

 

5

Аспаздық май

5

5

6

Томат пюресі

12

12

7

Бидай ұны

4

4

8

Сарымсақ

1,0

0,8

9

Гарнир № 688, 692, 694, 695, 696

-

150

10

Шығым :

-

285

 

Әзірленген шала фабрикатқа тұз, бұрыш себеді.  Қуырады. Сосын етті бұқтырады. Ұсынар алдында сыбағаға турайды, ал бұқтырудан қалған сорпада тұздық дайындайды. Ұсыну үшін оны тәрелкеге не сыбаға табағына салынған жұмыр кеспе, сусымалы ботқа, піскен және қуырылған картоп гарнирінің жанына қойып, үстіне тұздық құяды да жұмыр кеспе  гарниріне үгілген ірімшік себеді (әр сыбағаға 10 гр).


You Might Also Like

Новости

Реклама