dana_nurzhigit
- 20 апр. 2026 15:30
- 42
Дана Нұржігіт: Ажырасқан әйелдің өмірін тозаққа айналдырған сұмдық жағдай
Танымал журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында алаңдатарлық жағдайды баяндап, көпшіліктен көмек сұрады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, ажырасқан, баласы бар әйел танысқан ер адамның тарапынан қысым мен зорлық көріп жүрген. Дана Нұржігіттің жазуынша, әлгі ер адам екі айдың ішінде әйелдің өмірін тозаққа айналдырып үлгерген. Ол әйелдің бар ақшасын алып қойып, кетіп қалсаң қорқытатынын, аңдитынын айтқан.
Қамап, ұрып-соққан
Дана Нұржігіттің сөзінше, соңғы рет келгенде әлгі ер адам әйелді 5-6 сағат бойы үйге қамап, ұрып-соққан. Әйел әрең дегенде өз үйінен қашып шыққан.
Тележүргізушінің айтуынша, жәбірленуші полицияға арыз жазуға дайын, бірақ адвокат жалдауға қаржысы жоқ. Әлгі адам күні-түні қорқытып, түрлі нөмірден хабарласып, «сталкинг» жасап жүргені айтылады.
Қоғамға үндеу
Журналист бұл оқиғаның өзіне қатты әсер еткенін айтып, қоғамды бейжай қалмауға шақырды. Ол жеке хабарлама арқылы көмек сұраған әйелмен кездескенін және қазір жаны қиналып отырғанын жеткізді.
Қоғам белсенділері мұндай жағдайларда жәбірленушілерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтуде.