Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
Дариға Назарбаева байлар тізімінде 20-орынға сырғыды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Forbes журналының 2026 жылғы ең бай қазақстандықтар тізімінде 20-орынға түсіп қалды. Оның байлығы 550 миллион долларға бағаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 2025 жылы Дариға Назарбаева 17-орында болып, 571 миллион доллар көлеміндегі капиталымен ерекшеленген еді. Басылым бұл өзгерістің нақты себептерін жарияламады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бизнес империясы

Дариға Назарбаева ұлы Нұралы Әлиевпен бірге «Европа плюс Қазақстан» және «Независимый Телевизионный Канал» (НТК) компанияларына иелік етеді. Сонымен қатар, «DLS Group» холдингі арқылы «Регион-Медиа», «Наружная Реклама-Регионы» және «Телефабрика «Дала» компанияларында да үлесі бар.

Динара Құлыбаеваның табысы

Ал Дариға Назарбаеваның сіңлісі Динара Құлыбаева биылғы тізімде үшінші орынға көтеріліп, 5,4 миллиард доллар байлықпен бағаланды. Өткен жылы ол төртінші орында болған еді (5,3 млрд доллар). Динара Құлыбаева жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге «Алмэкс» холдингі арқылы Halyk Bank акцияларының 61,99%-ына иелік етеді.

Новости

Реклама