Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Дат оқушыларын әлемнің ең бақытты оқушылары ететін 5 қағида

Скандинавиялық мектептердің тағы бір кереметі

Данияны 2016 жылы кезекті рет әлемнің ең бақытты елі деп атады. Даниялық Малин Рюдаль «Даттар сияқты бақытты» атты кітабында даттардың сәттілгіне негіз болатын қағидалар жайлы айтады. Сонымен қатар әр баланың тұлғалық қасиеттерін дамытып, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беретін мектеп жүйесі жайлы да сөз қозғайды.

1. Басты мақсат – ең үздік болу емес

Дат білім беру жүйесінде басты назар – тесттерді өту машығына емес, білуге құмарлығын және өздігінен дамуға қабілетін арттыруға салынады.

Hellerup School, Дания

Мектептерде әр оқушыны жеке қасиеттері мен қабілеттері үшін бағалайтынын көрсетіп, әрқайсына сенімділік ұялатуға тырысады. Демек, оқу үлгеріміне қарамастан, әркім қоғамда елеулі орын ала алатынына және сүйікті ісімен айналыса жүріп пайда әкеле алатынына сенімді болады.

Дат жүйесі материалдық тұрғыда да, интеллектуалдық тұрғыда да элита тәрбиелеп шығаруға бағытталмаған.

Мектеп бағдарламасы да оқушылардың оны қиналмай меңгеріп алатындығын көзделген. Нәтижесінде даттардың арасында білім беру жүйесінен «шығып қалатындар» жоқ. Жүйе үздіктерге емес, баршаға бейімделген: элиталардың саны аз және даттар қалған 95-99%-ға қамқор болып келеді.

Осы жүйенің жұмыс істеуіне даттардың менталитетінің әсері бар: олар басшы болуға немесе ең үздік болуға ұмтылмайды. 1993 жылдан 2006 жылға дейін дат оқу орындарында «топтық рухты тәрбиелеуге» бағытталған топтық емтихан болған. Малин Рюдаль айтпақшы мұндай «таза даттық» бағалау формасында әр студент жауабы үшін өз бағасын алып отырған, бірақ қорытынды баға жалпы топқа байланысты болған. 2006 жылы үкімет бұл емтиханды алып тастады, себебі бұл оқушылардың жеке қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік бермеді, алайда бұл шешім қоғамның наразылығын тудырды. Нәтижесінде 2012 жылы топтық емтихандарды қайтарды. Бұл емтиханды өткізу-өткізбеуді әр мектеп өзі шешетін болды.

2. Өз болмысыңды сақтау – оқу, жаза алу сияқты маңызды

Дат орта білім беру жүйесі, бірінші кезекте, тәуелсіз тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған. Және бұл бос сөз емес: Данияның білім заңында бастауыш мектеп білімі негізгі ілім мен әдеттерді үйретіп қана қоймай, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуы керек екені жазылған. Мектепке дейінгі білім ордаларының (балабақша мен дайындық сыныптары) алдында бірнеше мақсат тұрады: баланың сөздік қорын кеңейту, мектеп ережелерімен таныстыру, төзімді болуға үйрету және қоғамда толыққанды өмір сүруге дайындау.

Gentofte School, Дания

3. Жаттап алу мадақталмайды

Мектептерде оқушыларды өз бетінше ақпарат тапқаны үшін – эксперименттер жасап, дереккөздерді сараптағаны үшін мадақтайды.

Түсіну үшін мұғалімді құр тыңдау емес, білім алу процесіне белсенді қатысу әлдеқайда пайдалы деп есептеледі.

Оқушыларды пайымдарға күмән келтіріп, өз бетінше пікір қалыптастыруға үйретеді, осылайша оларды өзін сыйлауға және өзін тұлға ретінде сезінуге тәрбиелейді. Қоғам үшін пайдалы және керек қасиет деп кітаптың параграфын жаттап алу емес, жасампаздық, жан-жақты ойлау мен белсенділік деп біледі.

The school at Islands Brygge, Дания

4. Бастысы нәтиже емес, оқушының амандығы

Егер әлем елдерінің білім беру жүйелерін салыстыру бітіру тестінің нәтижесіне негізделетін болса, дат жүйесі үздіктердің қатарынан табылмас еді. Дегенмен Дания білім деңгейі бойынша рейтингтің ондығына кіреді және 2016 жылдың ұлттық жоғары білім беру рейтингісінде үшінші орынды алады.

Малин Рюдаль ЭСДҰ-ға мүше елдердің оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысын мысалға келтіреді: оқушылардың үштен бірі сабақ оқудан шаршағанын айтқан, ал төрттен үші – колледжде іші пысатынын мәлімдеген. Данияда бұған жол бермеуге тырысады: мұнда оқушылар мен студенттер оқуды бейнет деп емес, ләззат алу деп қабылдауы маңызды деп есептейді.

Бәрінен бұрын жоғары сынып оқушылары зардап шегеді: оларға зейін қойып оқу керек, емтиханға дайындалу керек және ЖОО-ға түсетіні жайлы – нақтырақ айтсақ «өміріндегі басты таңдау жасау жайлы» ойлауы керек.

Дат білім беру жүйесі жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу алдындағы машақатқа түспеуіне бағытталған. Яғни олар болашақта немен айналысатынын әлі нақты білмесе, даниялық білім беру жүйесінде мектептен кейінгі мектептер (Efterskole) қарастырылған. Жыл сайын оған 15%-дан артық оқушы жазылады. Мұнда 14 жастан 18 жасқа дейінгі жеткіншектер ары қарай қайда түсетінін анықтағанға дейін бір жыл бойы білім ала алады. Мектептен кейінгі білім беру ордасында мектепте оқытылмаған салаларға назар аударылады. Бұл оқушының өз қабілеттерін – шығармашылыққа, спортқа, қолөнерге және т.б. ашуға бағытталған. Efterskole негізін құраушы кілтсөздер — тілектестік пен еркіндік. Студенттер арасында өзара көмектесу қалыптасқан: оқу озаттары үлгерімі нашар немесе қоғамға үйренісе алмай жүрген құрдастарына қол ұшын созады.

Данияда, сонымен қатар, ХІХ ғасырда лютерандық епископ Николай Грундтвигпен құрылған ұлттық мектеп деуге келетін ерекше жүйе бар. Мұны өмір мектебі деп атауға да болады, оған өз шығармашылық негізіңді қалыптастыру үшін және қоғамда өмір сүруге дағдылану үшін кез келген жаста түсуге болады. Мектепте көбіне гуманитарлық ғылымдарды үйретеді, оқушылар жиі саяхаттайды және әлемдегі заманауи оқиғаларды талқылайды. Әркім кез келген сұрақ қойып, өз мәселелерін достарымен талқылай алады. Мектептегі әңгімелесу мен оқыту оқушыларды теңдікке баулу, басқа адамды сыйлау, бөлісе білу және ортақ іске жұмыла кірісу сияқты қабілеттерді тәрбиелеуге болатындай құралған. Грундтвиг, сонымен қатар, бәрі бірдей білім алуы керек деген қағиданы ұстанған – бұл мектепте баға үшін немесе диплом үшін емес, өз рахатың үшін оқуға болады. Қазір Дания бойынша мұндай мектептердің саны 70-ке таяған.

Ørestad School, Дания

5. Мүмкіндіктер теңдігі

Даниялықтардың 11%-ы ғана жұмыс таңдағанда жоғары айлыққа назар аударады. Азаматтары әлемдегі ең көп салық төлейтін Данияда байлыққа ұмтылу ерсі. Сындарлы ойдан таңдалған мамандық адамның қызығушылығын оятпауы мүмкін және жанына жақын болмауы мүмкін – бұны балалардың миына мектеп кезінен бастап құяды.

Жаныңа ләззат сыйлайтын мамандықты таңдауға кәсіптік бағдар беретін жүйе көмектеседі. Арнайы әлеуметтік қызмет жоғары сынып оқушыларына олардың болашақтағы көрінісіне сәйкес жоғары немесе орта кәсіптік оқу орнын таңдауға көмектеседі. Жоғарғы сыныптарда оқушылар мұғаліммен өз жоспарларын жеке талқылай алатын жиындар жиі өтіп тұрады.

Сауалнамаға сенетін болсақ, дат жастарының жартысы өз болашағын таңдауда еркін екеніне және бәрін өздері басқара алатынына сенімді.

Малин Рюдаль Данияны «шынайы әлеуметтік мобильді» ел деп атайды. Демек, шыққан ортасына қарамастан, кез келген адам табысты бола алады. Көп жағдайда бұған мемлекеттің қолдауымен іске асатын Даниядағы тегін білім мүмкіндік береді. Студенттерге оқуына, өмір сүруіне толығымен жететін шәкіртақы төленеді.

Малин Рюдаль кітап жазу барысында, кішкентай қалашықта қарапайым шаруа отбасына дүниеге келіп, қазірде Копенгагеннің ірі адвокаттық кеңсесінде миллиондаған табыс табатын адаммен кездескен. «Егер мен басқа елде туылсам, осындай жағдайға жетпес едім. Менің қатарластарыммен мүмкіндігім бірдей еді. Мен заң факультетінде оқып жүріп шәкіртақы алдым, ешқашан қарызға кірген емеспін. Қазірде көп мөлшерде салық төлей алатыным үшін және осылайша елімнен алған қарызды қайтара алатыным үшін мақтанамын», — дейді ол.

Әлбетте, мәселелер де жоқ емес

Дат жүйесінің кемшіліктері де бар, оны Малин Рюдальдың өзі мойындайды. Айналаңда бәрі тең болған кезде, ал жүйе көпшілікке бағытталғандықтан, бұдан да зорына қабілетті оқушыларды байқамай қалу қаупі бар. Дат жүйесі қанағаттанарлық жалпы деңгейде ұстап тұруға бағытталған, сол себепті ең қабілеттілерге өз шамасын көрсетуге қолдау жетіспей қалуы мүмкін.


You Might Also Like

Новости

Реклама