Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстандағы Қызыл кітап және Ақсу-Жабағылы қорығындағы бүркітті қорғау шаралары

Шымкент қаласы
№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Ералина Үкілім Шерхановна

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қазақстандағы Қызыл кітап және Ақсу-Жабағылы қорығындағы бүркітті қорғау шаралары»

Жоспар

І-тарау.
1. Қызыл кітап туралы мағұлмат
2. Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі

 ІІ-тарау.
1. Бүркіттің түрлері
2. Мақтан тұтар байлықтың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы

ІІІ-тарау.
1. Бүркітті қорғаудың іс-шарасы
2. Пайдаланылған әдебиеттер

І-тарау

1. Қызыл кітап туралы мағұлмат

Светофордың көзі қызыл жанып тұрғанда, көшеден өтуге болмайтынын білесіңдер. Қызыл түстің, кейде осындай тыйым салу белгісі екені бүкіл дүние жүзінің адамдарына түсінікті. Сондықтан да сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, айрықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталған.

Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіл әлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.                             

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

2. Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам қашады күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Біздің сайда болатын мия қалың,
Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.
Мия сиреп,
Ұядан құстар безіп,
Біреу үшін енді мен ұяламын.
Ұяламын қарауғада қарлығашқа
Шиқылдайсын, балапан, қарның аш па?
Жалтақтайсың әр Болат,
Әр Қайратқа,
Жаутаңдайсың әр Баян,
Әр Күләшқа.
Тәрбиең де жақсы еді,
Тәлімің де.....
Аян бірақ өмірдің мәні кімге?
Торғай аттың бір кезде,
Соның үшін
Ұяламын бауырым әлі күнге.
Ұяламын қарауға қоңыр қазға
Толып–ақ тұр бүгінде өмір назға.
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы,
Зәбірі аз ба?
Ұяламын қарауға шүрегейге
Құстың бірі туған да,
Бірі өгей ме?
Бүгін кептер атқандар
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?
Ұяламын қарауға егіз құрға
Қыра берсек қалады неміз қырда?
Жата берсін шуылдап орман-тоғай,
Жата берсін малынып теңіз нұрға!
Ұяламын қарауға қырғауылға
Аңшы деген ат бердік бір қауымға.
Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,
Кейбір талдар айналды сырғауылға.
Ұяламын қарауға шағалаға
Мылтық ұстап шалқарды жағалама.
Құстың зарын естісе
Не демекші
Саған ана мына жер-
Маған ана?
Ұяламын аң аулап бел асқанға
Түсінбеймін сол үшін таласқанға.
Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға.
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан керік?
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғаннан,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!
Отыра алмас ұл шыдап, Қызың шыдап.
Жоғалғандар тізімі  - ұзын шұбақ.
Қызыл кітап-
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап-
Опат боп кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Қашқан кезде адамнан
Ізін қандап,
Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.
Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Баяғыдай бәрінің халы бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап:
Тысы жұқа,
Астары қалыңырақ!

ІІ-тарау

Құстар (лат. Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

1. алғашқы құстар – археоптерикс;

2. тісті құстар;

3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;

4. қырлы төсті құстар.

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді.

Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады

1. Аққұйрықты субүркіт (лат. Haliaeetus albicilla) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұзындығы 64-72 см, салмағы 4,9-6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұзындығы 57-63 см, салмағы 3,1-3,8 кг ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. Аққұйрықты субүркіт- отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады.  Аққұйрықты субүркіт — үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармен, ондатрлармен, ал Каспий теңізінде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).

2. Бақалтақ қыран (лат. Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран қауырсындарының түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1—2 жұмыртқа салады; оны мекиені 35—39 күн басады. Балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 2 айдан соң ұядан ұшады. Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Ол — жыл құсы. Қазақстанға сәуірде келіп, қарашада Африка мен Үндістан түбегіне ұшып кетеді. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). 

3. Бүркіт -  (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі. Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

4. Дала қыраны, қыранқара(лат. Aquila nipalensis) – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады. 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Қазіргі таңда Ақсу –Жабағылы қорығында  бірнеше жұбы қорғалуда. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.

5. Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары. Қанат құлашы 1,9 м, тырнақтары өткір. Еуропа, Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда таралған. ТМД оңтүстік аймақтарда кездеседі. Туркменияда кең таралған. Орманды және таулы жерлерде кездеседі. Бір жұмыртқа салады. Саны азаюда. КСРО Қызыл кітабында. Қазақстанда 4 түр тармағы шөл және шөлейт аймақтарды ұялайды. Құмды шөлдер, құрғақ тау бөктерлері мен өсімдігі сирек аласа тауларды мекендейді. Шәулісінің қанатының ұз. 52 – 59 см, салм. 1,2 – 2,0 кг, ұябасары шәулісіне қарағанда сәл ірілеу. Реңінде жыныстық ерекшелік байқалмайды. Арқасы қоңыр сұр, мойны мен басы ақшылдау. Үстіңгі қақпа қауырсындары – қоңыр, астыңғысы ақшыл, жолақты. Бауыры ақшыл көлденең жолақты, жемсауы теңбіл келеді. Жас жыланшы бүркіттің қақпа және бағыттаушы қауырсындарының шеті ақшыл. Бұл белгі ересектерінде тез жойылып кетеді. Әуеде ұшып жүрген Жыланжегіш қыранның басына төсі қара, ал отырғанда басы сұрлау болып көрінеді. Көзі сары, өте үлкен болады. Жерде жақсы жүреді, ағаш басына жартастарға жиі қонады. Жемтігін жерден ұстайды. Жыл құсы. Сәуірдеұшып келеді, ұясын ағаш басына не жартас жиегіне салады. Мамырда ұяға ақ түсті бір ғана жұмыртқа салып оны бір айдан аса шәулісі мен ұябасары бірігіп шайқайды. Ұясы бұзылған жағдайда қайтадан көбеюге қатысып, тағы да бір жұмыртқа салады. Балапаны 2,5 – 3 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйектің ортасы – қазанның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Арабия түбегінде, Африкада және Оңтүстік Азияда қыстайды. Негізгі қорегі – жыландар мен кесірткелер, кірпілер, т.б. ұсақ жануарлар. Жыланшы бүркіт – сирек кездесетін құс. Қазақстанда Алматы мен Шымкент қалаларындағы хайуанаттар саябағында бір-бірден ғана жұбы бар. Негізінен бұлар Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

2. Мақтан тұтар байлықтың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы.

“АҚСУЫМ – АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫМ – ЖАНЫМДАЙ…”

“Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім … Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді.

Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін”.

Шерхан МҰРТАЗА

Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.

Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.

Құстар, құстар. Біз бұл сапарымызда біраз уақыт бозторғай үнін, бозторғай әнін, бозторғай шырылын тыңдадық. Айтпақшы, Ақсу-Жабағылыңыз – нәуірзек тор­ғайыңыздың атамекені. Өзге өңірлерде азайып кеткен көкшілтім, көрікті құс, нәзіктік пен имандылықтың бірегей белгі­сіндей сезілер сезімтал құс – нәуірзекті сағынсаңыз, Кіші Қайыңдыға, Үлкен Қайыңдыға шығасыз, Балдыберектің бастауларына барасыз. Қанаттылар фаунасын зерттеген А.Ф.Ков­шарь “Талас Алатауының құстары” атты кітап шығарған. Сол кітапта осы қорықты мекендейтін 240-қа жуық құс сипатталған. Сарышымшық пен сайрауық, Шерағаң шығармаларында шырыл қағатын зарғалдақ. Ұлардың жөні бір басқа. Кекілік. Анау кетіп барады-ай, тастан-тасқа секіріп. Әлемдік деңгейдегі, кешегі кеңестік және қазекемнің Қызыл кітаптарына кірген алуан-алуан қанатты­ларды, сүтқоректілерді, өсімдіктерді санап келтірмектің өзі көп көлемді алып кетер. Ғалымдарыңыз мыңға жуық қоңыз түрін, үш жүзден астам көбелек санап, саралаған. Әне, Жабағылы жақтағы жақпар тастардың тасасынан ақбауыр бұлдырық бұлдырай көтеріліп, бұрқ етіп қонды. Тобылғының түбіне. Бүркітұя құзарының батыс бүйірінен алып құс ары қарай айналып кетті. Кейде күшігеніңіз көкте қалықтайды. Тазқараны тез танисыз.


You Might Also Like

Новости

Реклама