Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Димаш Құдайберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бекетіне не үшін барды?

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы облысындағы «Баянқол» шекара бекетіне арнайы сапармен барды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Infohub.kz хабарлады.

Сапар барысында Димаш әскери қызметшілермен кездесіп, мемлекеттік шекараны қорғаудағы ерен еңбектері мен қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Әнші сондай-ақ, бекет аумағында түсіріліп жатқан «Таймас» көркем фильмінің жұмыстарымен танысты. Фильмде шекарашы мен қызметтік иттің достығы туралы баяндалады.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің бұл сапары әскери бөлімнің жеке құрамына үлкен қолдау болды. Әлеуметтік желілердегі пікірлерде оқырмандар әншінің бұл әрекетін жоғары бағалап, оның жауынгерлердің рухын көтеріп, патриоттық сезімдерін оятқанын атап өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұндай іс-шаралардың мемлекеттік шекарада қызмет ететін әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайын көтеруге ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Новости

Реклама