Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Эйфель мұнарасының бөлігі жарты миллион еуродан астам бағаға сатылды

Франциядағы аукционда Эйфель мұнарасының бұрынғы винттік баспалдағының бір бөлігі 450 мың еуродан астам бағаға сатылды. Бұл туралы DW басылымына сілтеме жасап, Tengri Life хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сатылымға шыққан баспалдақ секциясы шамамен 2,7 метр биіктікте болып, 14 баспалдақтан тұрады. Аукцион алдында оның құны 120-150 мың еуро деп бағаланған еді. Алайда, аты-жөні құпия сақталған француз коллекционері ең жоғары бағаны ұсынып, бұл тарихи жәдігердің иесі атанды.

Эйфель мұнарасының тарихындағы маңызды бөлік

Аталған баспалдақ секциясы Эйфель мұнарасының екінші және үшінші қабаттарын байланыстырған. Дәл осы винттік баспалдақпен 1889 жылғы Дүниежүзілік көрмеге келгендер көтерілген болатын. Сол көрме үшін инженер Гюстав Эйфель мұнараны тұрғызған еді.

Салмағы 1,4 тоннаға жуықтайтын бұл құрылым 40 жылдан астам уақыт бойы жеке коллекцияда сақталып келген. Оны сату алдында Эйфель мұнарасымен жұмыс істейтін мамандар қалпына келтірген.

Баспалдақтың демонтаждалу себебі

1983 жылы мұнараны жаңғырту жұмыстары кезінде екінші мен үшінші қабат арасындағы баспалдақ демонтаждалған. Ол кезде баспалдақ келушілер үшін қауіпті деп танылып, заманауи лифттермен алмастырылған.

Содан кейін бұл құрылым 24 түрлі бөлікке кесілген. Бүгінде оның жекелеген бөліктері Нью-Йорктегі Еркіндік мүсінінде, Жапониядағы мұражайлар мен жеке бақтарда, тіпті Диснейлендте де бар. Қалғандары ірі жеке коллекцияларға қосылған.

Эйфель мұнарасы 1889 жылғы Дүниежүзілік көрмеге арналып салынған. Бастапқыда бұл құрылыс уақытша деп есептеліп, көрмеден кейін бөлшектеу жоспарланған. Алайда, уақыт өте келе мұнара Париждің басты символына айналып, бүгінде әлемдегі ең көп баратын орындардың бірі болып саналады.

Новости

Реклама