Ел тілегі – Тәуелсіздік
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Ел тілегі – Тәуелсіздік»
Мақсаты: ҚР рәміздері туралы түсінік беру. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: түсіндірме, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, слайд, Астана суреті, Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков суреттері
Тәрбиеші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату - тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Ел тілегі – тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдарыңызда Жамбыл орта мектебінің "Балбөбек" шағын орталық тәрбиеленушілері! Қарсы алыңыздар! (балалар "Жаса Қазақстан" музыкасының әуенімен залға кіріп, залды айналып келіп ортаға тұрады. Қолдарында гүл шоқтары)
(күй ойналады)
Тәрбиеші: Жиырма төрт жыл, жиырма төрт жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата - баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Баршаңызды ұлық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Құрметті ата - аналар! Осы мерекеге арнап ізімізді жалғастырар жас ұрпақ, кішкентай бүлдіршіндеріміздің жапсыру сабағында өз қолымен жасаған гүл шоқтарын қабыл алыңыздар! (балалар гүл шоқтарын ата - аналарға тапсырады)
Тәрбиеші: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте, - демекші
Балалар, біздің республика қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар, жарайсыңдар! Олай болса ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастайық. Қане, балалар, барлығымыз тік тұрып, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, Гимнге құрмет көрсетейік.
Тәрбиеші: Қане, енді экранға назар аударыңдаршы, бүгінгі мерекемізге кім қонаққа келген екен?
Балалар: Алдаркөсе
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Алдар Көсе. Ол өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отыратын қазақ ертегілеріндегі басты кейіпкерлердің бірі.
Балалар, Алдар көсенің сендерге қоятын бірнеше сұрағы бар екен.
Тәрбиеші: Біз қандай елміз?
Балалар: Тәуелсіз.
Дұрыс, айтасыңдар. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды.
Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз кім?
Балалар: Қазақпыз.
Тәрбиеші: Біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Тәрбиеші:
Тәрбиеші: Бас қаламыз қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Жарайсыңдар, балалар, Алдаркөсенің барлық сұрағына дұрыс жауап бердіңдер. Алдаркөсе де тек келмепті, Астанада Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған той болып жатыр дейді. Ол сендерді сол тойға шақырып келіп отыр екен. Астанаға барғыларың келеме? балалар: Ия
Олай болса, жүріңдер пойызға отырайық!
Екінші тәрбиеші: Өскемен – Астана пойызына отыруға дайындалыңыздар. 5 минуттан кейін пойыз жолға шығады. (компьютерден пойыз жүрісінің дауысын қосу)
Тәрбиеші: Міне, Астанаға да келіп жеттік. (Осы жерде слайд көрсетіледі. Астана қаласына қысқаша шолу.)
Тәрбиеші: Біздің елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.( слайдтан көрсетіп тұру)
Тәрбиеші: (слайдтан туды, елтаңбаны көрсету)
- Мынау не?
- Ту
Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
- Мынау не?
- Елтаңба
Елтаңбада не бейнеленген?
- Шаңырақ, екі пырақ, жұлдыз, "Қазақстан" деген жазу т. б
Дұрыс айтасыңдар. Балалар, көрдіңдер ме, бізде қандай тамаша рәміздер бар.
Дидактикалық ойын: «Картаны, туды құрастыру»
Ал, балалар, екі топқа бөлініп үстелге жақындаңдар.
Ойын ойналады.
Тәрбиеші:
- Ал, Отан деген не? -
Еркеназ: Отан деген – менің әжем мен атам.
Арман: Отан деген шағын орталығым.
Нұрайна: Отан деген – отбасым.
- Өте жақсы. Енді отбасы туралы орысша қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Жарайсыңдар, сонымен әр адамның өз Отаны болады екен. Отан – ол біздің туған жеріміз, отбасымыз, осы тобымыз, айнала қоршаған ортамыз. Осының барлығынан Қазақстан деген үлкен, ғажап ел құралады.
Алдаркөсе сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр дейді, қане өз аналарың, шаңырақ ажары туралы қандай ән білесіңдер, айтып беріңдерші.
С. Ә. Дүйсенбиев
Ән: "Ақ мамам" ә. Ә. Бейсеуов
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
аман - сау жүр ақ мамам
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Қазақстан – біздің сүйікті отанымыз туралы кім тақпақ айтады.
Ерсұлтан: Отан деген – Атамекен,
Отан деген – Туған жер,
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
Әли: Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен Атамыз.
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
«Жамбыл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тауданбекова Гулбахыт Тауданбеккызы
Толық нұсқасын жүктеу