Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ұлт ұстазы (Эссе)
Эссе Ұлт ұстазы
1937 жыл... Алматы қалалық түрмесіндегі қараңғы бөлмелердің бірінде Ахаң соңғы рет кішкентай ғана терезеден аспанға қарап, өзінің бүкіл өмірін есіне алып отырған - ды...
«Данқ кімнің күліп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында»,- деген Мұхтар Шахановтың сөзі дәл осы Ахмет туралы айтылғандай көрінеді кейде. Ахаң Патша үкіметінен де, Кеңестік үкіметтен де көп қорлық көргендердің бірі болса да, өз ұлтынан шыққан, бүкіл өмірін арнаған адамдардың сыртына пышақ сұққаны, ол үшін қиын болғаны анық. Орыстар оны қайда айдап жіберсе де, ұлтының қамы үшін, кейінгі ұрпаққа өз тілін, дінін, мәдениетін ұмыттырмай жалғастыру үшін тар қапастарда да отырып өз еңбектерін жазған. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны -“Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақта, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды»- міне Мұхтар Әуезов Байтұрсынұлының еңбек жолын келер ұрпаққа осылай сипаттайды. Шынымен де, Байтұрсынов шығармасымен ең алғаш әдебиет әлеміне бастау аламыз, оның бірнеше жылдарын сарп еткен “Тіл құралымен” қазақ тіліне тереңінен сүңгиміз, бүгінде әріп танып, өз тілімізде сөйлеп, тіпті өз жерімізде жүргенімізге дейін Ахмет Байтұрсынұлына, ол бастаған Алаш қайраткерлеріне борыштармыз.

Ахмет өз өмірін қазаққа арнаған ұлы тұлғалар арасында әрдайым бірінші тұратындар қатарында деп ойлаймын. Қазақ баласын, даласын біліммен сусындатамын деп жүріп, өзін ұмытқан жанның бүгінгі күні кейбіреуінің болмаса, көбісінің жадында тек ағартушы я жазушы есебінде қалуы, оның бүкіл еңбегін далаға төккендей. Шындығында, мұғалімдер А. Байтұрсынұлын қайта таныстырмағанда, мүмкін менде солардың бірі болар ма едім. Мен үшін Ахаң біреудің ойлап білетін санасынан тыс, басқа бірі.

Бүкіл өмірін күреспен өткізіп, соңына дейін тік, басын бүкпестен, өзіне тағылған айыптарды мойындамасада, тектен тек «халық жауы» атағын соңына ілестірген жауыздардың қолымен 1937 жылы Алматы қаласының түрмесінде ату жазасына кесілді. Міне, дәл осылайша қазақты «қазақ ету» жолында тер төккен асыл қайраткерлердің ең көрнектісі түрлі қиянат пен сатқындықтардың кесірінен өзінің айқын мұратына жетпей өз ғұмырын тамамдады.
Автор: Ирзабекова Жансая

You Might Also Like

Новости

Реклама